АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларында өтіп жатқан электрондық сауда-саттықта мұнайдың бағасы төмендеп келе жатқанын байқауға болады. Бұған электронды саудадағы көрсеткіштер дәлел, деп хабарлайды әлемдік БАҚ.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың қазан айындағы фьючерстері бір баррельге 0,15%-ке арзандап, 48,00 долларды құрады.
Лондонның ICE Futures биржасында қараша айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстері бір баррельге 0,17%-ке дейін түсіп, 53,75 долларды құрады.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.