Мұнайдың әлемдік бағасы жыл басынан бері алғаш рет 80 доллардан төмен түсті
10:28, 07 Желтоқсан 2022
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылдың ақпанында Лондон ICE биржасында Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 4 қаңтардан бері алғаш рет баррелі $79-дан төмен түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Праймға сілтеме жасап.
Brent мұнайы 4,34%-ға, баррелі 79,09 долларға түсті.
Сонымен қатар, WTI маркалы мұнай фьючерстері 2023 жылдың қаңтарында 3,98%-ға, баррелі 73,87 долларға дейін төмендеді.
Фото: РИА Новости/ Виталий Тимкив