IСE (InterContinental Exchange Futures) Лондон биржасындағы Brent мұнайының ресми бағасы сауда қорытындысы бойынша 1,77 долларға төмендеп, 81,83 долл/баррель болды.
Сарапшылар пікіріне қарағанда, доллардың құнсыздана бастауынан мұнай бағасы да төмендей түскен.
Дегенмен, келесі күні-ақ мұнай бағасы қайта көтеріле бастады. Сауда қозғалысын доллар бағамы мен АҚШ-тағы мұнай қоры туралы мәліметтер реттеп отыр.