Мұнайдың арзан сұрыптарына баға барреліне 20 долларды құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Mexican mix, Western Canada Select және Iraq Basrah Heavy маркалы мұнайларға бағаның төмендегені туралы Bloomberg хабарлады.

Мексика мұнайы кемінде $28 (11 жылдық минимумға түсті), Ирактан арзан мұнай барреліне $25, Канадада - кемінде $22 деп белгіленуде. KBC Advanced Technologies компанияның аға кеңесшісі Эсан Уль-Хак атап өткендей, қазір әлемдік мұнай өндірудің үштен бірі экономикалық тиімсіз. Оның айтуынша, канадалық өндірушілерге өз операциялық шығындарын жабу қиынға соғуда. Bloomberg атап өткендей, 18 ай ішінде Мексика мұнайына баға 73%-ға түсті (баррельіне $27,74 жетіп). Канадалық Western Canada Select сегізжылдық деңгейге - $21,37 түсті. Venezuela Basket, Ecuador Oriente, Saudi Arab Heavy маркалы мұнайларға да баға төмендеді, - олар қазір барреліне кемінде $30 тұрады. Bloomberg битумға баға түсетінін айтуда - ол 2014 жылғы маусымнан бастап 80%-ға түскен. Олардың бағасы барреліне $13 құрайды.