Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында желтоқсан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 2,28 долларға арзандап, 80,32 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың қараша айындағы фьючерстерінің бір баррелі 2,2 долларға төмендеп, 70,97 доллар болды.
09:11, 12 Қазан 2018
Мұнайдың бағасы айтарлықтай төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорктің шикізат биржаларында бейсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша мұнайдың бағасы төмендеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.