Аталған болжамды таныстырған ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаевтың атап өтуінше, құжат статистика агенттігінің 2011 жылғы жалпы ішкі өнім жөніндегі есептік деректерін 260,9 млрд. теңгеге ұлғайту жағына қарай түзетуін, сондай-ақ 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы экономика салалары дамуының қорытындысын және мемлекеттік органдардың негізгі өнім түрлері өндірісінен күтілетін көлемі бойынша, әлемдік тауар нарығындағы ағымдағы ахуал және әлемдік экономиканың өсуі мен негізгі экспорттауларының әлемдік бағасы бойынша халықаралық ұйымдардың түзетілген болжамдарын есепке ала отырып әзірленген.
Болжамды қалыптастыру кезінде дамудың базалық сценариі негізге алынды. Базалық сценарий әлемдік экономиканың орташа жылдық өсу қарқынын 4 пайыз деңгейінде болжайды.
«Болжамның конвенсусы негізінде мұнайдың бағасы барреліне 90 доллар деңгейінде күтілуде. Ал металл бағасы ағымдағы деңгейден 15 пайызға төмендейтіні болжануда»,-деді Б. Сағынтаев.