Мұнайдың бағасы едәуір төмендеді

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында кеше, қаңтардың 21-інде өткен саудалардың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы едәуір төмендеді.

Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы Лондонда IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін 1,74 долларға арзандап, 74,58 доллар/баррельді;

- Нью-Йорк биржасында Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін 1,66 долларға арзандап, 76,08 доллар/баррельді құрады.