Мұнайдың ресми бағасы көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 ақпандағы сауда қорытындысымен Лондондағы InterContinental Exchange Futures Europe (IСE Futures Europe) электронды тауар биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 1,38 долларға көтеріліп, баррелі 110,46 долларға жетті, деп хабарлады РБК.

Нью-Йорктің тауарлы биржасында WTI (Light Sweet) мұнайының бағасы 2,13 долларға өсіп, баррелі 102,13 долларды құрады.