Әлемдегі ірі мұнай крмпаниялары құрғалы жатқан жаңа жүйе 3 мың метр тереңдікте жұмыс жасайтын болады, бұл ВР британдық мұнай компаниясы басқаратын Мексика шығанағындағы Deepwater Horizon тұғырындағы апат салдарынан Macondo ұңғысынан мұнай төгілген жерден екі есеге дейін терең.
Алдын ала есеп бойынша, жүйе күн сайын 100 мың баррельге дейін (16 миллион литр) жинауға қабілетті, деп хабарлайды жобаға қатысушы-компания өкілдері.
Жүйенің жинақылығы оны бар болғаны 24 сағат ішінде іске қосуға мүмкіндік береді. Ол ауа райының құбылмалы мезгілінде де жұмыс жасауға арналған.