Шығыс Сібір кеніштерінен, ЛУКОЙЛ-дың Каспийдегі екі кенішінен, сондай-ақ Газпромның Приразлом кенішінен мұнайға экспорттық баж салығының жеңілдікті мөлшерлемесі 2013 жылғы 1 тамыздан бастап бұдан бұрынғы айдағы тоннасына 172,9 доллардан 180,8 долларға көтеріледі. Мұнайдың жалпы көлемінен 10 пайыз мөлшерінде белгіленген қоюлығы жоғары жабысқақ мұнайға жеңілдетілген баж салығы 1 тамыздан бастап, шілдедегі тоннасына 36,9 доллардан 37,9 долларға жетеді. Сонымен қатар бензин мен көмірсутекті сұйытылған газдың да баж салығы арта түспек.
Мұнайға экспорттық баж салығының мөлшерлемесін өкілетті орган - РФ экономикалық даму министрлігі РФ Үкіметі белгілеген форумула бойынша есептейді. Бұл тәртіп 2013 жылғы 1 сәуірден күшіне енген «Кеден тарифі туралы» заңға түзетулерге сәйкес жасалып отыр.