«Алматыда күн ыстық болды. Мұндай жоғары температурада шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем Кубогын өткізіп көрген емеспіз. Әрине, Словенияның Планица қаласындағы жарыстар барысында да кейде күн жылы болады. 1995 жылғы Әлем чемпионаты барысында да күн жылы болған. Бірақ, мұншалықты деңгейде емес. Алматыдағыдай жағдай менің есімде жоқ. Соған қарамастан, жарыс өте жоғары деңгейде өткізілді. Ұйымдастырушылар мен еріктілердің жұмысына ризамын», - деді В. Хофер.
Ол сонымен қатар, қазір заманауи технологиялардың арқасында қысқы кезеңдерді жылы ауа-райында да өткізе беруге болатындығын жеткізді.
«Әрине, қазір жаңа технологиялар шығып жатыр. Солардың арқасында қарды жасауға да мұздатуға болады. Тіпті секіру екпінін күшейту үшін пластик те қолданылады. Бірақ, әр нәрсенің шегі болады ғой. Алматыда ауа температурасы 17 градустан жоғары болды. Бұл мен үшін рекорд», - деп күлді В. Хофер.
Айта кетелік, биыл бүкіл Еуропа елдерінде ауа-райы ерекше жылы болғаны мәлім. Сондықтан, шаңғымен тұғырдан секіру бойынша Әлем Кубогының кезеңдері күрделі жағдайда өтті.
Бірақ, Алматыдағы күннің ыстықтығы барлығынан асып түсті.
Жарыстың алғашқы күні - 27-ші ақпанда қалада ауа температурасы 20 градусқа дейін жылынды.