«Хабар» арнасындағы Ерлан Бекхожиннің «Ұлы даланың астанасы» атты деректі фильмінде Армен Саркисян Қазақстан мемлекетіне, халқына, тарихы мен мәдениетіне, мемлекеттің негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлына, Қазақстан соңғы жылдары жеткен жетістіктерінің барлығына зор құрметпен қарайтынын айтады.
«Бұл эмоциялық тұрғыдағы құрмет емес, шынайы сыйластық. Себебі, осы жылдарда Қазақстан жеткен жетістіктерді, табыстарды тілге тиек етсем, кейбір бағыттарда сіздер мүмкін емес шаруаларды атқара білдіңіздер. Бұл тек Астананың көшірілуі ғана емес. Шынына келгенде бұл мүмкін емес шаруа секілді көрінген. Оны тек ұлы көшбасшылар ғана еңсере алады», - дейді ол.
Өз кезегінде Молдова Республикасының президенті Игорь Додон әріптесінің сөзін қолдады.
«Сіздердің елдеріңіздің Президенті өз тәжірибесіне сүйене отырып, алдағы бір-екі қадамды ғана емес, ондаған жылдарды болжай алады. Бастапқы кезеңде кейбіреулер түсінбейтін дүниелерді уақыт өткеннен кейін талдап отырсаң, адамдар «Міне, Президент дұрыс жасапты» деп, кейін ұғынып отырады», - дейді Игорь Додон.
Айта кетсек, Ерлан Бекхожиннің «Ұлы даланың астанасы» атты деректі фильмінде посткеңестік елдердің басшылары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Астана қаласы туралы өзінің ой-пайымдарымен бөліскен.