Мундиаль-2014: Аустралия командасы Чили құрамасын жеңе алмады - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлем чемпионатының топтық кезеңiнде Аустралия футболшылары Чили құрамасын жеңе алмады.

Ойын 3:1 есебiмен оңтүстiк америкалықтардың пайдасына аяқталды.

Матчтың басында 12 және 14 минуттарында гол салып үлгерген чилилiктер ойында үлкен басымдыққа ие болды. Дегенмен аустралиялықтар жiгерлерiн жани бiлдi. Кездесудiң 34-минутында Тим Кэхилл есептi 2:1-ге жеткiздi. Тiптi ойындағы есептi теңестiрiп кетуге де мүмкіндік беретін талай сәттер болды. Бiрақ аустралиялықтардың бағы жанбады.

Екiншi таймның соңында Жан Босежур Чили құрамасының еншiсiне тағы бiр голды жазды.

Аустралия өз тобында Испаниямен бiрге соңғы орындарда тұр. Чили болса, Нидерландымен бiрге 3 ұпайдан қоржынға салды.