Мемлекет басшысы Қытайда өткен саммит қорытындысы бойынша үш ірі мемлекеттің декларация қабылдауына байланысты Ресей Президентіне құттықтауын жеткізгенін айтты.
— Бірлескен бастамалар халқымызға, компаниялар мен кәсіпорындарға пайдалы нәтижеге ұласуға тиіс. Біз өзара құрмет пен қолдауға арқа сүйеп, аталған міндетті лайықты деңгейде жүзеге асыратынымызға сенімдімін. Сөз соңында айтарым, Қазақстан Ресеймен арадағы стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарды жоғары бағалайды. Кеше мен Қытайда өткен саммиттің қорытындысына және ұлы мемлекеттердің «Үлкен үштігінің» декларациясы қабылдануына байланысты Ресей Президентіне шынайы лебізімді жеткіздім. Геосаяси жағдай күрделі кезеңде Ресейдің осындай статусқа ие мемлекет ретінде мойындалуы — оның көшбасшысы Владимир Владимирович Путиннің еңбегінің нәтижесі. Бұл — айдан анық нәрсе. Оны жоққа шығарамын деп әуре болудың қажеті шамалы, — деді Мемлекет басшысы.
Пленарлық сессия барысында Ресей Президенті Владимир Путин және «Сбербанк» ЖАҚ басқарма төрағасы Герман Греф сөз сөйледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Юни роботтарының және Борис Эйфман балет театры әртістерінің шоуын тамашалады.