Мұрағаттан Ұлыбританияның Әзірбайжанға берешегі туралы құжаттар табылды

None
БАКУ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Әзірбайжанның Сыртқы істер министрлігі 1918-1920 жылдары Әзірбайжан Республикасынан Ұлыбританияға көмірсутегі жеткізілімі туралы табылған құжаттарды егжей-тегжей зерттеп шықпақ,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы журналистерге ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Эльхан Полухов мәлім етті. Министрлік өкілінің айтуынша, Сыртқы істер министрлігіне Әзірбайжан мен Ұлыбританияның арасындағы келісімшарттың көшірмесі түсіп отыр. Құжатты мұрағаттан тапқан депутат Насид Насибли, оны сыртқы саясат ведомствосына әкеп тапсырған. «Мен құжатпен өзім танысқан жоқпын, бірақ түсінгенім: отын жеткізілгенімен, төлем жасалынбаған», - деп мәлім етті Э.Полухов.Ведомство баспасөз хатшысы сондай-ақ ол құжаттың заңды жағын зерттеу қажеттілігін атап көрсетті. «Біз құжаттың түпнұсқасын табуға тырысамыз, одан кейін құжатқа заңды баға беріледі, ал қазір бізде құжаттың көшірмесі ғана бар», - дейді баспасөз хатшысы.