Мұрат Сердалин БҚО-ның Ақжайық ауданына әкім болып тағайындалды

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі болып Мұрат Сердалин тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Нұрбек Ихсан

Жаңа әкімді Ақжайық ауданының активіне облыс басшысы Нариман Төреғалиев таныстырды.

Фото: Нұрбек Ихсан

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Мұрат Амангелдіұлы 1975 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары. Батыс Қазақстан аграрлық университетін ветеринария және М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ды заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Ақжайық ауданы «Мал дәрігерлік жәрдем» МҚК-ның Алмалы ауылдық округі бойынша мал дәрігерлік инспекторы, ҚР АШМ Ақжайық ауданы бойынша аумақтық басқармасының жетекші маманы, ҚР АШМ Ақжайық аудандық аумақтық басқармасы ветеринария бөлімінің басшысы, ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы, Ақжайық ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің және Ақжайық ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы сияқты қызметтерді атқарды.

Тағайындауға дейін Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары болды.

Фото: Нұрбек Ихсан

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аян Халауединнің БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметіне тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Фото: Нұрбек Ихсан