«Мен Геннадий Головкиннің кәсіби шеберлігін сезіндім. Оның соққылары алуан түрлі екен, себебі ол ұрғанда әр тұстан қиғаштай соғады. Және соққысының ауырлығын да сезіндім», - деді Мурата.
Еске сала кетейік, Геннадий Головкин Риота Муратаны 9-раундта нокаутқа түсіріп, WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы чемпион атанды.
Геннадий Головкиннің қарсыласын нокаутқа жіберген сәті бейнеленген видеоны мына сілтеме арқылы көруге болады.
Оның келесі жекпе-жегі қыркүйек айында мексикалық Сауль Альвареспен (57-1-2, 39 КО) болады.