АСТАНА. ҚазАқпарат - Гавана ұлттық мұражайы бірнеше құнды экспонаттардың жоғалғандығы жайында хабарлады. Олардың арасында танымал суретші Леопольдо Романачаның да картиналары бар екен.
Мәдени мекеме басшылығының мәлімдемесінде аталған туындылар мұражайдың қоймасынан жоғалғаны және бұл фактілер өткен аптада белгілі болғандығы атап өтілген.
Бұлар Флоридада деген де деректер бар. Қазіргі кезде мұражай бәссаудашылар мен коллекция жинайтындар үшін ұрланған экспонаттардың толық тізімін жариялады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.