Соңғы ақпараттар бойынша, Ми-8 тікұшағы апатынан қаза болған 9 адамның денесі табылды. Онда барлығы 18 адам болған: бесеуі экипаж мүшелері, 13-і жолаушылар. Олардың тек екеуі тірі қалған. Қалғандары аман қалмады деген болжам айтылуда. Енді 7 адамның сүйегі іздестірілу үстінде.
Денесі табылған 9 адамның 5-еуінің кім екені анықталған. Олардың бірі "Апатит" компаниясының директоры болып шықты.