Мурманск - Санкт-Петербор рейсі ұшқыштарының көздерін лазермен шағылыстырған

АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 тамызда түнде Пулковода ұшқыштардың көз алдын лазермен шағылыстырған оқыс оқиға орын алды.

Бұзақылар қонуға бет алған Мурманск - Санкт-Петербор рейсі ұшқыштарының көз алдын лазермен шағылыстырған. Бұл кезде 18 жолаушысы бар ұшақ 3 шақырым биіктікте болған.

Абырой болғанда, бұл келеңсіз жағдайдың соңы апатқа ұрындырған жоқ. Ұшқыштар әуежайға аман-есен қонды. Полиция қызметкерлері бұзақыларды іздестіруде, деп хабарлайды Piter.TV.