Осы ретте елдегі Допингке қарсы комитет өкілі былай мәлімдеді: «Біз футболшы Кан Су Иль кремді спорттық көрсеткіштерін жақсарту үшін пайдаланды деуден аулақпыз. Мұндай жағдайлар қайталанбас үшін команда басшылығы ойыншыларды допинг пайдаланудан сақтандырулары тиіс».
Ал ағзасынан метилтестостерон анаболикалық стероиды табылып, дисквалификацияланған 27 жастағы форвард келеңсіз жәйт үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады, деп хабарлайды 24.kz rbc.ru-ға сілтемемен.
Кан Су Иль Мьянма құрамасымен өтетін 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойынына қатысу үшін шақырылған еді.