«Башқұртстан президентінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқатуы туралы» Жарлықта Д.Медведев «Мұртаза Рахимовтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуы өз өтініші бойынша қабылданды» делінген.
Рүстем Хамитов республика президентінің уақытша міндетін атқарушы болып, жаңа тұлға қызметке тағайындалғанша өкілеттігін жүргізеді. Бұған дейін Р.Хамитов «РусГидро» ААҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.
Д. Медведев екінші бір Жарлығымен М. Рахимовты республиканың әлеуметтік экономикалық дамуына сіңірген ұзақ жылғы жемісті мемлекеттік еңбегі үшін» - І дәрежелі «Отан алдында сіңірген еңбегі үшін» орденімен марапаттады.