«Мушкетер Арамис» дүниеден озды

АСТАНА.  Қарашаның  9-ы.  ҚазАқпарат -   Жексенбі күні  таңертең   64 жасында   ресейлік  танымал   актер  Игорь  Старыгин   дүниеден озды,

деп хабарлайды «РИА  «Новости»  агенттігі.   Ресейдің еңбек сіңірген   әртісі   ауыр  науқастан кейін Мәскеудегі №31 ауруханада    көз жұмды.

«Бүкіл ел  және Игорь  Старыгинді     шын    жақсы көретін   мыңдаған  көрермендер     жетім қалды.   Бұл     қайғылы хабарды естіген  кезде,  жүрегі ауырмаған  адам   қалмағанына сенімдімін.     Ол  ең  жас, ең  әдемі  және ең сырбаз   мушкетерлердің бірі еді»,  деді  қайғылы қазаға байланысты   «РИА «Новости» агенттігіне   сұхбат берген     режиссер  Юнгвальд-Хилькевич.

Игорь Старыгин  1946 жылы     маусымның 13-інде Мәскеуде  дүниеге келген.   1968 жылы   ГИТИС-ті   аяқтап,     мәскеулік Жас көрермендер театрында, кейін Моссовет  атындағы театрда,   Горький атындағы   театрда,  «У Никитских ворот»  театр-студиясында жұмыс істеген.  Киноға  көп түскен,       оның    ең басты  ролі   мушкетерлердің    басынан  кешкендері  туралы киноциклдағы  Арамистің  ролі  еді.