«Мұстафа - ақиқат жаршысы» атты танымдық кеш өтті

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қаладағы М.Шоқай атындағы №187 қазақ орта мектебі мен А.Пушкин атындағы қалалық кітапхананың бірігіп ұйымдастыруымен «Мұстафа - ақиқат жаршысы» атты танымдық кеш өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдағы жылдың 7 қаңтарында Алаштың ардақты ұлдарының бірі Мұстафа Шоқайдың туылғанына 120 жыл толады. Осыған орай өткен жылдың қараша айынан бері республика көлемінде түрлі шаралар ұйымдастырылуда.

Шара барысында көрме ұйымдастырылып, 8 сынып оқушылары «Мұстафа - ақиқат жаршысы» тақырыбында театрландырылған қойылым ұсынды. Мұстафа Шоқайдың ақтық толғауынан «Ақырғы заман», «Жаратқанға жалбарыну» сияқты үзінділер мен өлеңдер оқылды.

Темірбек Жүргенов жайында жазылған «Тарихи тұлға тағылымы» атты кітаптың авторы Зәмзегүл Маштаева, мектеп директорының орынбасары Ләззат Төлегенова, мектептің аға кітапханашысы Сәрсен Бөрібаева шәкірттерге Мұстафа Шоқайдың өмірі мен шығар­машы­лығы жайлы кеңінен әңгімелеп берді.