Партия қатарына тек «Мұсылман бауырлардың» өкілдері ғана емес сонымен бірге исламистер, либералдар және ұлтшылдар кіреді. Олар Сирияда демократия орнатуға, сонымен бірге исламдық білім беру үлгісін енгізу жолында күресетін болады.
20:09, 10 Қараша 2013
«Мұсылман бауырлар» ұйымына христиан жетекшілік етеді
АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - «Мұсылман бауырлардың» сириялық бөлімшесіне христиандық дін қызметкері басшылық жасайтын болды. Ұйым «Ваад» деп аталады, яғни арабша «уәде беру», деп хабарлады «Мир» телеарнасы. Сондай-ақ партия басшылығының құрамында, осыған дейін Ұлыбританияда білім алған Мұхаммед Валид та болады.