«Мұсылман күнәсіздігі» фильмін түсіргендерді өлім жазасына кескен Каир сотының сырттай үкімі күшіне енді

АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - Сейсенбіде Мысыр астанасының қылмыстық соты ислам әлемін дүрліктірген «Мұсылман күнәсіздігі» фильмін түсіруге қатысып, дінін сатып, христиандықты қабылдаған жеті мысырлықты сырттай өлім жазасына кесті.

Бұған қоса, Құранды өртеп, аты шыққан америкалық пастор - Терри Джонсты да сырттай бес жылға бас бостандығынан айырды. Бұл жайында Би-Би-Си хабарлады.

muslim.kz сайтының жазуынша, негізінде оларға үкім 2012 жылдың қараша айында шыққан болатын. Алайда, Мысыр конституциясына сәйкес барлық өлім жазасы Мысырдың жоғарғы мүфтиі мақұлдағаннан кейін күшіне енеді.