«Біз жарлы-жақыбайлар, мүсәпір-міскіндер, жәбір-жапа көріп жүргендер үшін әділдік орнатып, бейбітшіліктің ту көтеруіне атсалысуымыз керек», - деді понтифик. Бұл жайында ChicagoTribune хабар таратты.
muslim.kz сайтының жазуынша, ислам, иудаизм, буддизм, англикан, православ және методизм өкілдері алдында сөйлеген сөзінде понтифик діндарларды да, дінсіздерді де әр қадамы үшін жауапкершілікке шақырды.
«Сіздерді осы жерден көргеніме қуаныштымын. Мұны жалпыға арналған игілік жолындағы өзара сыйластықтың белгісі ретінде қабылдаймын», - деді Рим Папасы.
«Достық - иман келтіргендердің бауырласуына мүмкіндік береді», - деді итальяндық мұсылман жамағатының жетекшісі Яхья Паллавичини.
«Мен келешекке үмітпен қараймын»,- деп атап өтті Америкалық иудалық комитеттің жетекшісі раввин Дэвид Розен.