Кхан негізінде Пәкістанның Кашмир өлкесінде туып-өскен. Бала күнінен Шварценеггер мен Сталлонеға еліктеп өскен Кхан бокстан кол үзген соң, спорттың осы түрімен шұғылданады.
Кхан уақытының көбі түрлі елдерге жарыстарға қатысуға кетсе де, бес уақыт намазын қаза қылмайды. Алайда, ол қасиетті Рамазан айында кәсібіне байланысты қиналып қалатынын жеткізді. Оның ағзасы әр сағат сайын 5000 калорияны қажет ететінін айта кету керек.
Салмағы 140 келі тартатын ол: «жаттығу кестесінің тығыз болғанына әрі сапарға көп шығатыныма қарамастан парыздарымды орындауға тырысамын. Мешітке жиі бас сұғып, жұма намазынан қалмаймын», - дейді.
Ол қазіргі уақытта Лас-Вегас мегаполисінде өтіп жатқан Olympia Fitness and Performance Expo додасында жүр.