Мұсылмандар үшін арнайы жасалған SIM-карта

None
АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - Грек инженері Яннис Хацопулос (Yannis Hatzopulos) мұсылмандар үшін өзгеше SIM-картасын жасап шығарды. Онда қасиетті Меккенің қай жақта орналасқанын көрсететін, намаз кестесі мен ислам күнтізбесі, т.б. арнайы қосымшалар бар.

Аталмыш картаны смартфонда да, қалта телефонында да пайдалануға болады. Қосымшаларды қосуға да, ажыратуға да болады.

Мұндай карталар бұрын да шығарылғанымен, бұл жолғысы әдеттегі қалта телефонында да, смартфонда да пайдалануға болатындығымен қолайлы екенін айта кету керек.

Muslim.kz сайтының жазуынша, грек инженерінің бұл жаңалығы Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қаласында өтетін AfricaCOM жәрмеңке-көрмесінде жұрттың назарына ұсынылатын болады.