Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.
Қазақстан Сенатының депутаты, сондай-ақ ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасының мұсылмандарға қатысты төзбеушілік пен кемсітушілікпен күрес жөніндегі Жеке өкілі Әділ Ахметов өз сөзінде толеранттық пен діни бостандықты ілгерілету мәселелеріне назар аударды. Мұсылмандарға қатысты төзбеушілік пен кемсітушілікпен күресте халықаралық және аймақтық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өте келіп, Ә.Ахметов ЕҚЫҰ елдерін бұл жұмыста ДИАҚБ құралдарын, өштесу тұрғысындағы қылмыстарды болдырмау және толеранттыққа тәрбиелеу жөніндегі бағдарламаларды пайдалануға шақырды.