Үйлену ережесі бойынша күйеу жігіт кем дегенде 25 жаста болу керек. Ал егер оның бірінші әйелі болса, онда ол екінші әйел алуы үшін салмақты себеп болу керек: егер бірінші әйелі обырмен немесе Паркинсон ауруымен ауырса,бедеу болса ғана екінші рет үйлене алады. Ал ажырасатын жағдайда, ер адам неке бұзылғаннан кейін жарты жылдан соң ғана қайта үйлене алады.
Сауд Арабиясы - абсолютті монархиялы ел, ол жерде заң шариғатқа негізделіп жасалған. Әр Сауд азаматының өміріне қатал регламент белгіленген: алкогольді ішімдік ішуге, есірткі пайдалануға тыйым салынған. Ал зинақорлыққа барғандар өлім жазасына кесілуі мүмкін.