Мұxамедиұлы «Пxенчxан Олимпиадасы табысты болады» деген уәдесін түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы XXIII қысқы Олимпиада ойындарын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бас кезінде мен Олимпиаданың табысты болатынын айтқанмын. Енді, бұқаралық ақпарат құралдары ол табыс қайда деп, менен сұрап жүр. Мен алқа мәжілісінде жауап беруге уәде еттім», - деді А.Мұxамедиұлы бүгін кеңейтілген алқа отырысында.

Министрдің айтуынша, ол жаңағы сөзді айтқанда алдымен xалықтың қызығушылығын оятуға тырысты. Содан қазақстандықтар «табысты» күтіп, барлығы бірдей өз спортшыларына жанкүйер болды.

«Ал табыстың негізгі мәні неде? Біз қысқы Олимпиадаға 57 жолдаманы ұтып алдық. Қазақстанның намысын 46 спортшы қорғады. Жалпы, жолдамалардың саны жағынан біз Ресейден кейін екінші орындамыз. Осының өзі үлкен табыс емес пе? Мәселен, Олимпиаданың ашылуы кезінде қазақстандық спортшылар шыққанда бәрі таңқалды. Сосын әлем бойынша миллиардтаған адам жарыстарды көрді. Ол да Қазақстан үшін үлкен жарнама», - деп атап көрсетті А.Мұxамедиұлы.

Бұдан бөлек, А.Мұxамедиұлы қысқы және жазғы Олимпиадалардың жетістіктерін де салыстырды. Рио Олимпиадасында Қазақстан 22-ші орыннан көрінді. Ал Пxенчxанда 28-ші орынға ие болды.

«Мемлекет басшысы 2050 жылға дейін 30 озық елдің қатарына кіру міндетін белгілеген болатын. Біз болсақ, қазірдің өзінде спорт жетістіктері жағынан отыздыққа кіріп отырмыз. Мәселен, Пxенчxанда медаль саны жағынан Норвегия бірінші орынды жеңіп алды. Ал жазғы Олимпиадаға олар мүлдем қатыспайды. Қазақстан болса, екі бірдей Олимпиадаға қатысып, 30 үздік елдің қатарына кіріп отыр», - дейді министр Мұxамедиұлы.

Оның айтуынша, Пxенчxан Олимпидасына қатысқан қазақстандықтардың арасында 16-20 жастағы спортшылар аз емес. Өзіміздің қаракөз қандастарымыз да көбейіп келеді.

«Біз бір реттік табыс болса екен деп, жұмыс істеп жатқан жоқпыз. 16 жастағы спортшыларымыз болашақта үлкен жетістіктерге жете алады», - деп атап көрсетті А.Мұxамедиұлы.