Шараның талабы бойынша мұз айдынына келушілер өздерімен бірге ойыншықтар ала келуі керек. Бұл сыйлықтар өз кезегінде жетім балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық тарту ретінде сыйланады.
Шараға көпшілікпен бірге БАҚ өкілдері, мұз айдындары желісінің әріптестері қатысып, мұз айдынында тегін сырғанақ тебуге мүмкіндік алды. Төрт сағаттық шара барысында түрлі спорттық ойындар, сайыстар өткізіліп, жаңа жылдық сыйлықтар берілді.
«Бұл шара біздің әріптестерімізді жаңа жылмен құттықтау әрі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қуаныш сыйлау мақсатында өткізілді. Әлеуметтік саланы қолдау да басты мақсатымыз болғандықтан алдағы уақытта да бұндай шараларды жиі өткізіп тұруды көздеп отырмыз»,- дейді компанияның қоғаммен байланыс менеджері Анар Тәуетаева.