Ресей астанасындағы «Лужник» спорт аренасында өткен сайысқа Ресейдің, ТМД елдерінің және Еуропаның 4 пен 17 жас аралығындағы мәнерлеп сырғанушылары қатысқан болатын. міне осы фестивальға алғаш рет қатысқан Қазақстанның «Зумрад» командасы тосын сый жасап, 14 команданың арасында жүлделі үшінші орынға табан тіреді.
«Әрине, біздің балаларға жеңіс оңай келген жоқ. Өйткені олар мұндай деңгейдегі жарысқа алғаш рет қатысып отыр. Балалар тамаша өнер көрсетіп, көрермендердің зор құрметіне ие болды. Біздің команданы тек төрешілер ғана емес, көшбасшы басқа командалардың жаттықтырушылары да жоғары бағалады. Командаға Ресейдің және Украинаның алаңдарында өнер көрсетуге ұсыныстар түсті», - деді команданың жаттықтырушысы Олеся Фомина.
Оның атап өтуінше, небәрі 6 жастағы Әділ Самбаев, Елизавета Боряева, Таисия Михеевалар тәжірибелі спортшылар деңгейінде өнер көрсеткен. Сонымен қатар Дарья Фомина, Элина Федотова, Арина Подобреева, Гүлжан Жұмаділова, Тимур Запиев, Артем Маслов, Нұрлан Байниетов, Лия Астраханцевалар да өздерін жақсы көрсете алған.
«Қазіргі уақытта бұл балалар біздің команданың негізгі спортшылары. Жазда біз осы топпен Францияда өтетін Әлем чемпионатына дайындықты бастайтын боламыз», - деді ол.