Өткізілген тәжірибе кезінде еріктілерге түрлі температурадағы су берілді, онымен ауызды шаю керек болды. Кейін олар шоколад пен ірімшік жеген. Адамдар шоколадтың дәмі айтарлықтай қанық емес екенін, сол себепті оның аса ұнамағанын айтқан. Ал ірімшіктің дәмі су температурасына қарамастан біркелкі танылды.
Яғни, суық тілдегі дәм сезу рецепторларының сезімталдығын төмендететін болу керек. Сол себепті газдалған сусын сияқты салқын ішімдіктер қантты тым көп қолдануды өршіте түседі. Бұл семіздік және ағзадағы басқа да ауытқуларға әкеп соғады.