Мұз ойығына суға түсу кезінде абай болыңыздар - ТЖД

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық ТЖД мұз ойығына суға түсу кезінде абай болуды ескертеді.Өңірде  Крещение мейрамын мерекелеу кезеңінде оннан астам ойықтар ойылады,  деп хабалайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаңтардың 18-нен 19-на қараған түні облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жабдықталған жерде суға түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осы мақсатта он автотехника және  50-ден артық құтқарушылар жұмылдырылады. Сондай ақ  Крещение кезеңінде азаматтардың төтенше жағдайларды болдырмау үшін ұйымдастырушыларға кешенді талаптарды сақтауды еске салады. Мәселеен,  мұз ойығы жағадан 20-25 метр қашықтықта және оның тереңдігі 1,5 метрден аспау керек. Сондай ақ мұз ойығының ішіне қажетті түрде темір қоршау орнату керек. Суға шомылатын адамдарға жерде басқыш мұз ойығына кіру және шығу үшін екі жағына қарама-қарсы екі ағаш саты болуы керек. Тәжірбие көрсеткендей, сәтсіздік аяқ асты келуі мүмкін. Мұз үстінде топталып жиналуға болмайды. Көлікпен шығуға қатаң тыйым салынады», - дейді ТЖД.