Жанында үш жасар ұлы бар 29 жастағы Руслан Мелехов «Боран» қарда жүргішіне зайыбы мен екі қызы отырған шананы тіркеп, сүйретіп келе жатты.
Кенеттен шана тіркелген қар кешкіш қараңғыда мұзды суға түсіп кетті. Ер адам ұлын басқа жаққа лақтырып үлгеріп, өзі судан мұз бетіне шыға алды. Ал оның 22 жастағы зайыбы, бес жасар қызы Алиса және сегіз айлық қызы Саша отырған шана су түбіне кетті.
Сүңгуірлер қаза тапқандардың мүрделерін іздеп жатыр. Олардың айтуынша, қайғылы оқиға орын алған жерде судың тереңдігі 12 метрді құрайды.