Мұз ойылып, үш балықшы суға батып кетті
08:54, 13 Қараша 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таймырда Енисей өзені үстінде көлікпен кетіп бара жатқан үш балықшы мұз ойылып, су астына батып кетті, деп мәлім етті Краснояр өлкесі бойынша ІІМ өкілі Владимир Юрченко.
Оның айтуынша, келеңсіз оқиға Дудинка қаласынан 44 шақырым қашықтықта орын алған. «УАЗ» автомобилі ішінде жүргізуші мен екі жолаушы болған.
Алдын ала деректерге қарағанда, жүргізуші көліктер үшін арнайы жабдықталған өткелді ескермеген. Салдарынан машинада болған барлық адам ажал құшты. Таймыр полицейлері үш балықшының өліміне байланысты тергеу жүргізуде», - деді Юрченко.
Оқиға орнында полицияның жедел -тергеу тобы мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.