Зейнет жасындағы үш адам машинадан шыға алмаған. Бұл жайлы бейсенбіде ТАСС РФ ТЖМ-не сілтеме жасап хабарлады.
«Оқыс оқиға кеше болған. «Нива» жүргізушісі Новобурейск - Куликовка автожолының маңындағы рұқсат етілмеген жерден мұздың үстінен өтпек болады. Мұз жарылып, автомобиль суға батып кеткен. 1940 және 1954 жылдары туған екі ер адам және 1956 жылғы әйел қаза тапты. Қалған екі адам көліктен шыға алған», - делінген хабарламада.