Муз-Тв 15 жылдығын Медеуде атап өтеді

МАТЫ. 27 тамыз. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - 29 тамыз күні Алматыда Муз-ТВ музыкалық арнасының 15 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді. Бұл туралы бүгін Алматыда аталған каналдың музыкалық директоры Арман Давлетияров айтты.

Арман Давлетияровтың айтуынша биылғы жылы арна өзінің 15 жылдығын Алматыда, Медеуде атап өтуді ұйғарған. Концертке Филипп Киркоров, Николай Басков, Батырхан Шүкенов, Сергей Лазарев, Дима Билан, Митя Фомин, Тимати, Томас Nevergreen, "Градусы, Анна Семенович, Елка мен Анита Цой қатысады. Осы жолы Батырхан Шүкенов құрамында танымал болған А-Студиомен бірге ән шырқамақ. Алматылықтарды тағы бір қуантатын жәйт бірнеше жыл бұрын жастар арасында танымал болған «Дуэт L» тобы осы концерт барысында қайта құрылатындығын жарияламақ. Кешті белгілі Ресейлік тележүргізуші Лера Кудрявцева жүргізеді.

Концертте қазақстандық жас эстрада жұлдыздыздары да өнер көрсетпек. «Муз-Тв тұңғыш рет өз туған күнін Ресейден тыс жерде атап өтпек. Алматыны таңдап алуымызға себеп, Алматы жұртшылығы музыка мен мәдениетті өте жоғары бағалайды», - дейді Муз-ТВ-ның музыкалық директоры, жерлесіміз Арман Давлетияров. Алматы қаласы мәдениет басқармасының бастығы Қайрат Құлыбаевтың айтуынша Алматыда қала күнін атап өту осы концертпен басталмақ. Сондай-ақ бұл концерт Конституция күні құрметіне де арналады.

ҚазАқпарат анықтамасы: Муз-ТВ Ресейлік музыкалық, ойын-сауық арнасы. Эфирге 1996 жылы шілде айында шыққан арна ТМД елдері мен Қазақстанға да таралады. Жастар арасында жоғары танымалдыққа ие. 2003 жылдан бері танымал музыканттарға арналған Муз-ТВ жүлдесін тағайындап келеді. Биылғы жылдың 1 шілдесінде арнаның құрылғанына 15 жыл толды.