Оған Б. Шүкеновтің туыстары мен достары қатысты. 35 мыңдық «Астана-Аренада» жиналған барша көрермен Батырдың «Нелюбимая» әнiн бiрге шырқады. Ең алғашында Астанада өтетін «Муз-ТВ» сыйлығын тапсыру рәсіміне «А-Студио» тобының «алтын» құрамы қатысады деп жоспарланған болатын. Батырхан солардың арасында болуы тиіс еді.
«Біз Батырхан Шүкенов өмірден озбай тұрғанда онымен сөйлесіп, келісіп жүрген болатынбыз. Ең басында «А-Студио» тобының «алтын» құрамы қатысып, «Джулия» әнін шырқаса дұрыс болады деп жоспарладық. Өйткені бұл ән «Муз-ТВ» сыйлығын табыстау рәсімінің негізгі өзегі еді. Бірақ, өкінішке орай, ол ойымыз іске аспай қалды», - деді «Муз-ТВ» Бас директоры Арман Дәулетияров бұның алдында өткен баспасөз мәслихатында.
А. Дәулетияровтың айтуынша, «А-Студио» тобы мен Батырхан Шүкенов бүгінде Қазақстан мен Ресей музыкалық мәдениетінің бірігу символына айналған.
«МУЗ-ТВ сыйлығы» - шоу-бизнестегі маңызды, ауқымды және беделді оқиғалардың бірі. Оны 2003 жылдан «МУЗ-ТВ» арнасы ұйымдастырып келеді. Жеңімпаздар көрермендердің және академиктердің дауыс беруі арқылы анықталады. «МУЗ-ТВ» сыйлығын марапаттау шарасына әлемдік деңгейдегі жұлдыздар шақыртылады.