Мұз үстінде қалған 100-ге жуық балықшы құтқарылды

АСТАНА.ҚазАқпарат - РФ Свердлов облысындағы Белоярск  су қоймасында бөлініп кеткен мұз үстінде қалған балықшыларды эвакуациялау жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ТЖМ Мемлекеттік басқармасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, су қоймасы айдынында көлемі екі шақырымдай мұз бөлініп еткен. Оның үстінде 100-ге жуық балықшы қалған. Бәрін де құтқарудың сәті түсті. 

Кейіннен анықталғандай, бөлінген мұз үстінде қалған балықшылардың саны 150-ге жуық екен.

«Свердловск облысындағы Белоярск су қоймасы айдынында бөлініп кеткен мұздан 148 балықшы  эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Оларды құтқаруға үш моторлы қайық тартылды»,- деп мәлім етті ведомостводан.