Мұз үстінде қалып қойған балықшылар құтқарылды
10:39, 14 Қаңтар 2010
АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат - Құтқарушылар Алматы облысы аумағындағы Алакөл көлінде ажыраған мұз үстінде қалып қойған балықшыларды құтқарды,
деп хабарлады ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі.
Мәселен, қаңтардың 13-і күні сағат 13.00-де Алакөл ауданы Көктума мен Ақшы кенттерінің аралығында Алакөл көліндегі ажыраған мұздың үстінде 5 балықшы қалып қойған.
Мұз жағалаудан 700-800 метр қашықтықта орналасты. Алакөл ауданының судан құтқару қызметінің көмегімен балықшылар 15.30-да құтқарылып, моторлы қайықпен жағаға жеткізілді. «Зардап шеккендер мен үсік шалғандар жоқ», - деп анықтады беспасөз қызметі.