«Бір адамға арналған мұздың қауіпсіз қалыңдығы кем дегенде 10 см. Жаяу өту үшін кемінде 15 см. Автомобильдер үшін кемінде 30 см», - деп ескертті министрліктен.
Қараңғыда және айнала нашар көрінген кезде ешбір жағдайда мұзға шықпау керек. Сонымен қатар мұздың беріктігін аяқтың соққысымен тексеруге болмайды.
«Мұздың үстінен топпен өткенде 5-6 см арақашықтықты сақтау керек. Су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың ең көп тараған себептерінің бірі – алкогольдік масаң күйде болу. Ата-аналардың назарына: балаларды қараусыз мұзға жібермеңіз», - делінген хабарламада.