«МузАРТ» обыр дертіне шалдыққан балалардың көңілін ауламақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 шілде 16:00-де және 19:00-де "Қазақстан" ОКЗ Астана күніне арналған "МузАРТ" тобының екі концерті өтеді. 2 шілде Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов концерт алдында Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында ем қабылдап жатқан онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға барады, деп жазады astana.gov.kz сайты.

3 шілде сахнаға топпен бірге қазақстандық орындаушылардың шәкірттері - "МузАРТ LIVE" мегожобасының жеңімпаздары өнер көрсетеді. 

Концертте "МузАРТ" тобының белгілі әндерімен қатар, жаңа шығармалары да шырқалады.