«Танымал «МузАрт» тобының әншілері шаштарын тықырлап алып тастауға халыққа уәде берді. Бұл туралы топ мүшелері өздеріңің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаларында хабарлады», деп жазады жұлдыздар өмірі туралы жазатын baistars.kz сайты.
«МузАрт» тобының 15 жылдық мерейтойынан кейін бәріміз шашымызды сыпырып, тақырлап алып тастауға келісіп, қол қойып жатырмыз», - дейді танымал әнші Сәкен Майғазиев.