Бұл туралы бүгін брифинг барысында Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қарақшылық шабуыл жасалғалы жатқандығы туралы полицияға жедел ақпарат келіп түскен. Қолға алынған іс-шаралардың барысында Новоишим ауылының тумаларынан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. «Олардан 3 шолақ мылтық, дыбыс тұншықтырғышы бар «ИЖ» тапаншасы табылды», дейді Қ. Жұманов.
Қазір оларға заңсыз қару сақтады және қаруды заңсыз дайындады деген айыптар тағылуда. Қ. Жұмановтың айтуынша, оларға тағы қосымша қарақшылық шабуыл жасауға оқталғаны үшін қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.