Жағалау күзеті Өңірлік басқармасының «Құрманғазы авто» тексеріп-өткізу пунктінің шекара наряды Ресейден біздің елімізге қарай «Лада Ларгус» автокөлігімен келе жатқан 46 жастағы Өзбекстан азаматын қолға түсірді.
Көлікті тексеру барысында 9 газ баллоншалары, әрқайсысында 500 данадан екі қорапқа салынған 4,5 мм мыс шарлары табылды. Бұл мыс шарлар пневматикалық тапаншаға арналғандықтан әрі қарай тапаншаның өзі іздестіріліп, ол - «GLETCHER GHR941» маркалы 4,5 калибрлі қару, азаматтың сырт киімінің ішіндегі қапшықтан табылды.
Ұсталған азамат туралы құқық қорғау органдары құлақтандырылып, тексеру жұмыстары басталды.