Бұдан басқа полярлы құрлықта Қытайдың тағы үш стансасы бар, олар: "Чанчэн", "Чжуншань" және "Куньлунь". «Тайшань» ғылыми стансасы Антарктиданың шығыс бөлігінде, теңіз деңгейінен 2621 метр биіктікте мұз айдынында орналасқан. Мұндағы жылдық орташа ауа температурасы минус 36,6 градусты құрайды. Құрылыс алаңы 1000 шаршы метрді алып тұратын жаңа станса 20 адамға шақталған. Онда ғылыми бақылаулар жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Жанында ұшақтың ұшып-қонуына арналған, қар мен мұзға бейінделген жолақ та бар. Стансаның бас ғимаратын 30-шы қытай антарктидалық ғылыми экспедицисы 53 күнде құрып бітірді. Алғашқы қытай экспедициясы Антарктидада 1984 жылы болып қайтты. Ал бір жылдан кейін сол жақта алғашқы антарктидалық «Чанчэн» стансасын салды.