Музей, архив және кітапхана қызметтері бір жылдың ішінде үш есеге қымбаттады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың бірінші тоқсанында музейлер, архивтер және басқа да мәдени мекемелердің қызметі 11 млрд теңгені құраған, деп хабарлайды ҚазАқпарат energyprom сайтына сілтеме жасап.

Бұл бір жыл бұрынғыкөрсеткіштен 28,4% көп. Қазіргі таңда мәдени саланы әрі қарай дамытужоспарланып отыр. Осы ретте қалада сәулет, қала құрылысы және жер қатынастарыбасқармасының өкілдері елордада үш жүз көрерменге арналған үлкен планетарийсалынатынын айтты.

Сондай-ақ, астанада Қосшыкенті мен әуежайдан келе жатқан туристерді бірінші болып қарсы алатын Ғарышмузейін ашу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Ғарыш музейі мен ғарыш кемелерініңпішіні бар жобаның бірінші кезегі тұрғызылған.

Осы сектордағы қызметтерарасында кітапханалар мен оқу залдарының үлесі көп - 40,5%: бір тоқсанда 4,5млрд теңге, өткен жылдан 12,7% көп. Музейлер қызметінің үлесі 22,4% құрап отыр.Көрсеткіш бір жылдың ішінде бірден 36,6% - 2,5 млрд теңгеге өскен.

Сонымен қатар, елордада Жеделмедициналық көмек музейі ашылған.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігініңдерегі бойынша, музейде жедел жәрдем қызметінің 90 жылдық тарихын қамтитынсуреттер, құжаттар мен заттай деректер қойылған.

Қазақстанда музейлер санысоңғы жылдары 204-тен (2009 жылы) 245-ке дейін (осы жылдың басы) өскен.

Ең көп музей Алматы (28),Түркістан (27) және Ақтөбе облыстарында (20) шоғырланған.

Соңғы жаңалықтар